Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру Түркістан облысы жастарына кеңінен насихатталуда. «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі жыл басынан бері оқу орындарында қоғам дерті туралы буклеттер таратып, ақпарат құралдары арқылы роликтер көрсеткен. Жемқорлықпен қатар құқықбұзушылықтың алдын-алуды көздейтін шара бүгін Түркістан медицина колледжінде түйінделді.
️