Елде 2029 жылы тозығы жеткен коммуналдық желілер көлемі 20 процентке азаяды. Оған "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидасы ұйытқы болмақ. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Жаңа тарифтік саясатқа көшу арнайы жол картасы аясында атқарылады. Қазір коммуналдық желілерді жаңартуға инвестиция тарту мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленіп жатыр.
️