Әлихан Смайылов министрлерге ескерту жасады: Қолымнан келмейді десеңіздер орын босатыңыздар

141
15.12.2022 09:27

Шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орын босатыңыздар. Премьер-Министр осылай деп қарамағындағыларды қатаң ескертті. Екі күн бұрын министрлер кабинетінің жұмысы Президенттің сынына ұшыраған болатын. Күн тәртібіне көшпес бұрын, Премьер-Министр «Үкіметтің осы құраммен жаңа жылға аяқ басуына бола ма?» деген Президенттің сұрағына жауап берді. Ол Премьер ретінде тапсырмаларды орындау үшін бар күш-жігерімді саламын және жауапкершілік алуға дайынмын деді. Үкімет мүшелерінен де соны талап етті. Президент инфляцияның шарықтап, қымбатшылықтың қысып жатқанын айтқан болатын. Сол үшін Үкімет бір айда инфляцияға қарсы шараларды қайта қарамақ. Ал жұрттың табысын арттырып, жұмыспен қамту үшін бизнеске қолдау артады. Ал ауылдық жерлерді дамыту үшін ауқымды тұжырымдама әзірленбек.