Түркістандық балалар Хорватияға барып футбол үйренеді. Ол үшін арнайы «Тұран» академиясы құрылып, шетелдік бапкерлер шақыртылмақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Хорватияның туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік хатшысы Тончи Главина басаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында қос тарап спорт пен туризм саласын бірлесіп дамыту мақсатындағы жоспарларды да талқылады. Аймақ басшысы жас футболшыларды даярлауда хорватиялық футбол академияларымен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.
️