Балетмейстер Болат Аюханов өмірден өтті

543
13.12.2022 16:31

Қазақ балетінің аты аңызға айналған тұлғасы, Қазақстанның халық артисі, профессор, академик Болат Аюханов 85 жасына қараған шағында өмірден озды. Ол еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бастаған. Болат Аюханов әр жылдары Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында хореограф, Мемлекеттік академиялық би театрында көркемдік жетекші, директор қызметін атқарды. Артистің «Қыз Жібек», «Гамлет», «Кармен-сюита», «Шыңғысхан», «Болеро» секілді өзге де қойылымдары қазақ балетінің алтын қорына енген.