Каспий тартылып барады

727
13.12.2022 16:27

Қарт Каспий жыл сайын тартылып барады. 130 өзен құятын алып айдынның бүгінгі ахуалы мүшкіл. Теңіздің суалып, жағадан алыстағанын көрген жұрт алаңдап отыр. Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбада теңіздің құрғап қалған табанын көруге болады. Экологтардың айтуынша, соңғы 14 жылда Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі 1 жарым метр төмен  түскен. Бұған Еділ өзенінен құйылатын судың азаюы  және бүкіл ғаламдық  климаттың өзгеруі себеп. Тез арада нақты шаралар қолға алынбаса, экологиялық жағдай қиындай түспек.