Түркістанда 831 елді мекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісіне қосылған, қалған 16 елді мекен дербес электр қондырғының қуатын пайдалануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева мәлімдеді. Жиында Түркістан облысын электр қуатымен қамту мәселесі туралы сөз болды. Облыстағы елді мекендердегі халықтың әл-ауқаты жоғарылауына байланысты электр қуатын тұтыну көлемі өскен. 2025 жылға дейін облыс бойынша 254 елді мекендегі 341 мың тұрғынды сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету жоспарлануда.
️