Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

185
13.12.2022 16:19

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды. Құтқарушылар мен әкімдік өкілдері Қазавиақұтқару тікұшағында 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті. Сауран ауданының 8 су қоймасының және Созақ ауданының аумағындағы 13 су қоймасының жай-күйі жарамды деп бағаланады. Ал Қаратау бөктерінде қардың жинақталған қоры 4-6 см. Жалпы жыл басынан бері барлығы 13 аэровизуалды ұшу жүргізіліпті.