Сайрамда өткен ақындар айтысы тартысты өтті. Жыр додасында қоғамдағы өзекті болып отырған мәселелер көтерілді. Сондай-ақ қазақ қоғамының дертіне айналған жемқорлық тақырыбы әзіл қалжың арқылы көрермендеге жеткізілді. Бәсі биік бәйгеде даңғара музыкадан шаршап, ұлттық өнерге сусап жүрген халықтың қарасы қалың болды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді домбыраның шынағына сыйдырған жампоздарға ризамыз дейді көрермендер.
️