Катардағы футболдан әлем чемпионатының бүгін алғашқы жартылай финалдық кездесуі өтеді. Хорватия мен Аргентина ақтық сынға жолдаманы сарапқа салмақ. 2014 және 2018 жылы әлемнің үздік командасы атануға сәл-ақ қалған қос команданың бірі сол жетістіктерін қайталап, тіпті, чемпион атануға тағы бір мүмкіндік алады. Аргентина да, Хорватия да биылғы Катардағы басты доп додасында жартылай финалға дейін жетеді деп ешкім ойламаған еді. Осыған дейін екі құрама Ресейдегі 4 жыл бұрынғы әлем додасында бір топқа түсіп, өзара мықтыны анықтаған еді. Сол кезде Хорватия еш мүмкіндік қалдырмай, 3-0 есебімен қарсыласын ойсырата ұтқан болатын.
️