Түркістан облысында 100 мың тоннадай алма қар астында қалды. Қар жауғанда бәрі төгіліп, жерге түсіп қалған тәтті жемістің видеосы әлеуметтік желіге таралып кетті. 500 гектар жерге жеміс өсіретін «Амангелді» агроөнеркәсіптік корпорациясының құрылтайшысы Нұрлан Құраловтың айтуынша, биыл 350 мың тонна өнім салса, оның 100 мың тоннасы бау-бақшаларда қалып кеткен. Сауда желілері төмен баға ұсынғандықтан, оны сату тиімсіз болыпты. Ал Беларусь пен Ресейден сұраныс болғанымен, онда тиеп-жөнелтуге арнайы жүйенің болмауы кедергі келтіреді,-дейді бағбандар.
️