Түркістан қалалық емханасында биыл 3000 ға жуық науқас ем алған. Атап айтсақ бүйрек аурулары 914, Ревматология сырқаттарымен 333, ас қорыту сырқатымен 614. Терапевт Нұрхан Есжанова 15 жылдан бері күндізгі стационарда қызмет етеді. Айтуынша соңғы уақытта бронхит ауруы өршіп тұр. Емханада 218 дәрігер, 700 орта буын қызметкері бар. Облыс деңгейінде бірегей және алғашқы Коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарға арнайы реабилитациялық орталық 2020 жылы 1 қазан айынан бастап қызмет көрсетуде. Бүгінге дейін 191 науқас осы орталықта оңалтылды.
️