Ежелгі Отырардағы қайта қалпына келген қала орнымен мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев арнайы танысты. 3 жылға созылған археологиялық жұмыстар нәтижесінде ғалымдар тарихи тың ақпараттар анықтапты. Қала қақпасы маңынан 15-16 ғасырларға тиесілі тұрғын үйлер мен шеберханалар табылса, базар орынында наубайхана кешені болған екен. Оған қоса мамандар жүргізген қазба жұмыстары шаһар аумағында ескі монша Ханаканың болғанын дәлелдеді. Оның құрылысы Ақ Орданы Ерзен хан билеп тұрған кезеңде салынған. Жалпы, зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд 600 млн теңге жұмсалған.
️