Шикі затқа жарымай отырмыз. Түркістан облысындағы Сайрам ауданында кәсіпкерлер осылай дейді. Айтуларынша ірімшік, қаймақ өндіретін зауыттар мен цехтарға сүт өнімдері жетіспейтін көрінеді. Сондай-ақ олар бағаның тым шарықтап кеткендіктерін айтады. Сайрам ауданында ірімшік, қаймақ, құрт өндіретін бірнеше кәсіпорын бар. Олардың басты мәселесі шикі зат тапшылығы. Әсіресе сүт бағасының шарықтап кеткендігі, мол өнім шығаруға кедергі болуда дейді кәсіпкерлер. Егер бұл түйіткілдің шешімін таппасақ, отандық өнімдерді тиімді бағада шығару қиындай түспек.
️