Үкімет басшысы: Елімізде 3 миллионнан астам адамның жалақысы көтерілді

390
13.12.2022 12:48

Елімізде миллиондаған адамның жалақысы көтерілген. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Дәрігерлердің жалақысы — 30 пайызға дейін, мұғалімдердікі 25 пайыз, бюджет саласының басқа қызметкерлерінің жалақысы 20 пайыз. Ал, өндіріс еңбеккерлерінің жалақысы 10-50 пайыз аралығында ұлғайды. Бұл Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында іске асып жатыр.