Түркістанда «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық «ART Bayterek» байқауы өтті. Дарынды бүлдіршіндер, мектеп оқушылары жəне жасөспірімдердің басын қосқан сайысқа 1000 нан аса бала қатысты. Байқауда бақ сынауға еліміздің түкпір түкпірінен өнерпаздар келген. Атап айтсақ, 4 пен 19 жас арасындағы өнерлі өрендер аспапта ойнау, вокал, дәстүрлі ән, бейнелеу өнері сынды барлығы 14 жанр бойынша сынға түсті.
️