Шымкентте санитарлық талаптарға сай келмейтін балабақшалар анықталды

258
12.12.2022 11:54

Шымкентте үш мемлекеттік балабақша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тексеруінен өтпеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірнеше жерден лас ойыншықтар мен ескірген жиһаздардан бастап, балалардың жеуге жарамсыз тағамдарына дейін көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Басқармада хабарланғандай, барлығы 658 585 теңгеге 5 айыппұл салынып, келесі заң бұзушылықтар анықталды. 

жұмыртқаны өңдеу және сақтау талаптары сақталмаған;

дайындалған тағамдар мен тазалық зерттеулердің нәтижесі бойынша гигиеналық талаптарға сәйкес келмейді;

пайдаланылатын шикізатқа тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік құжаттары ұсынылмаған;

кейбір топтарда жиһаздар бұзылған;

ойыншықтар лас, оларды жууға және өңдеуге арналған ыдыстар белгіленбеген;

ғимараттарда бір типті шамдар орнатылмаған, төбелік шамдар жоқ;

люминесцентті лампаларды сақтау және жою үшін арнайы орын қарастырылмаған;

дезинфекциялау құралдары гигиеналық нормаларға сәйкес келмейді;

температураны бақылау үшін орнатылған тоңазытқыштағы термометр жұмыс істемейді;

тағамды қабылдаудан бас тарту журналы ұсынылмаған;

өндірістік бақылау бағдарламасы ұйымдастырылмаған;

балаларға арналған сатып алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік құжаттары жоқ.Оларға ойыншықтар, жиһаздар, оқу құралдары, жеке гигиена құралдары және т.б. жатады;

медициналық пункттің топтық бөлмелерінде ауа температурасын бақылау үшін термометрлер орнатылмаған;

тазалау құралдары (шелектер, щеткалар, шүберектер) толық таңбаланбаған және жеке орындарға (санитарлық жерлерге, медициналық пункт, тамақтандыру пунктінің өндірістік бөлім, топтық бөлмелерге) бекітілмеген. Оларды гигиеналық талаптарға сай арнайы бөлінген орындарда сақтау ұйымдастырылмаған.