Түркияда бірінші шілдеден бастап карантиндік шектеулер толық алынып тасталады. Бұл туралы халыққа бейне үндеу жолдаған ел Президенті Режеп Тайып Ердоған айтты. Келер айдан бастап жексенбі және мейрам күндері болатын коменданттық сағат тоқтатылып, барлық мемлекеттік мекемелер толық жұмыс күніне көшеді. Сондай-ақ қоғамдық және қалааралық көлік қатынасы қалпына келіп, ешқандай рұқсат қағазынсыз саяхаттауға мүмкіндік берілмек. Дегенмен әзірге бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ. Соңғы бірнеше аптада Түркияда вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Қазір 30 жастан асқандарға вакцина егілуде. Бүгінге дейін 43 млн-ға жуық адамға екпе салынған. Көктемде вирус жұқтырғандар саны күніне 65 мыңға дейін жеткен болса, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне бес мың адамға дейін түсті.
️