Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Алтын адам» тігін фабрикасы әлемдік өндірушілердің үлгісін пайдалана отырып, еліміздің жеңіл өнер-кәсібінің өрісін кеңейтуде. 2013 жылы негізі қаланған «Алтын Адам» – іскерлік киімнің алғашқы отандық бренді. Кәсібін классикалық үлгідегі ерлер киімін тігумен бастаған қазақстандық бренд, отандық нарықта сапалы әрі сәнді киімдерімен танылуда.
Өндірісте жоғары дәрежелі мамандар жұмыс жасайды. Фабрика қызметкерлерінің арасында жергілікті тұрғындардан 80-90 адам жұмыспен қамтылған. 90 пайызы әйел кісілер. Өндіріс орны қазіргі таңда күніне 150, айына 6-7 мың дана костюмдерді нарыққа шығаруда.
️