Түркістандықтардың 95 пайызы антикорға сенеді

209
12.12.2022 03:44

Түркістан облысы тұрғындарының 95% жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысына сенім артады. Бұл туралы агенттіктің өңірлік департаментінің өкілдері арнайы шарада мәлімдеді. Сондай-ақ, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен жиында бірқатар азаматтар марапатталды. Жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтардың қатарында бірқатар басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері бар. Департамент басшылығы өңірде жемқорлық деңгейін төмендетуге атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.