Елімізде коронавирустың «үнді» штамы анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында ауруханаға түскен науқастан індеттің «дельта» штамын жұқтырғаны белгілі болған. Бұл туралы Үкімет отырысында Алексей Цой мәлімдеді. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, «дельта» штамы бұдан өзге әлемнің 74 елінде тіркелген. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Елде енді жеңілдей бастаған карантиндік талаптар қайта күшейе ме?
️