Қызметтік этиканы сақтамаған полиция басшысына қатысты оқиға тексерілуде

256
09.12.2022 09:21

Түркістанда қызметтік этиканы сақтамаған полиция бөлімінің басшысына қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан полиция бөлім басшысының жұмыс бабында қызметтік этиканы сақтамай жүргенін көруге болады. Шорти, майкамен келе жатқан ол алдынан шыққан формадағы қызметкердің бірін қолымен нұқып жібереді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іске қатысты комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталғандығын хабарлады

«Осы іс бойынша арнайы комиссия құрылып, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тиянақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, заңды шешім қабылданатын болады. Бұл жайт департамент бастығы М.Қабденовтің бақылауында» - делінген хабарламада.