Димаш Құдайбергенге «Орман сақшысы» сертификаты берілді

272
09.12.2022 05:25

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасында тұратын жанкүйерлері Аргентинада ормандарды қалпына келтіру бойынша жобаны аяқтады. Патагония өңірінде 1 мың ағаш отырғызу акциясына әлемнің түкпір-түкпірінен фанаттар атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Биылғы мамыр айында Dimash Latin Dears фан-клубы Аргентинаның Патагония өңіріндегі ормандарды қалпына келтіру үшін қаражат жинауды ұйымдастырған болатын. Бастапқыда қазақстандық әртістің жанкүйерлері 382 ағаш отырғызды. Алайда кейін екінші науқанды бастап, мақсатты 1 мың ағашқа дейін ұлғайтты.

Осылайша, Патагония аймағында 2000 жылға дейін өмір сүре алатын өте әдемі әрі үлкен қылқан жапырақты Чили араукариясының 1 мың көшеті отырғызылды.

Акция сәтті аяқталған соң Димаш Құдайбергеннің есіміне жазылған «Орман сақшысы» сертификаты берілді.