«Тұран таңдауы» байқауына дауыс беру әлі де жалғасуда

256
09.12.2022 04:56

Түркістан телеарнасында «Turan таңдауы» байқауының дауыс беру кезеңі жалғасуда. Дауыс беру “TurkistanTV” YouTube парақшамызда өтіп жатыр. Үздіктер арнайы дайындалған бейнероликтегі лайк, қаралым мен пікір санына қарап анықталады. Байқауға қатысушылар біздің телеарна кейіпкерлерінің ішінен таңдап алынды. Айта кетейік биыл "Turan таңдауы» 20 номинация бойынша жүреді. Ендеше жобамыздың келесі қатысушыларымен таныс болыңыздар!

Айдарбек Тоқтарбек Самбо және қазақ күресінен спорт шебері. 24 жастағы алып күш иесі 11 жылдан бері боз кілемде бақ сынап келеді. Ел намысын халықаралық додаларда қорғап жүрген палуан бүгінде жастар арасында самбодан Әлем чемпионатының қола ал, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.