Түркістан облысы Төлеби ауданының «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның денесі табылды. Құтқарушылар мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жеріндегі су түбінен алып шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізіліпті. Оған 107 адам, 17 бірлік техника мен 1 тікұшақ жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, жеті турист 25 мамыр күні жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 27 тәулікке жалғасты. Бұған дейін 3 турист құтқарылса, тағы үшеуінің мәйіті табылды. Бұл жоғалып кеткен 7 адамның соңғысы. Марқұмның денесі сараптамаға жіберілді
️