“Turan Bala Fest” таланттар шоуы өз мәресіне жетті

296
09.12.2022 04:45

Төлебилік талант Нұрмұхаммед 8 жасынан бері қос ішекті аспапты серік кетіп келеді. Балалар саз мектебінде домбыра әліппесін үйренген ол 100-ге тарта күйді орындай алады. Ол 102 өнерпаздың арасынан ақтық сынға жолдама алады. Бұл сында Нұрмұхаммедтен бөлек 3 бірдей төлебилік бүлдіршін өнерін паш етті. Қазылар алқасы финалда "Шәмші Дастан" күйін тартқан Нұрмұхаммедтің өнерін ең үздік деп таныды.