Түркістандық 18 спортшы олимпиадаға дайындық жасауда

214
09.12.2022 04:27

Түркістан облысының 18 спортшысы Париж Олимпиадасына дайындалуда. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев мәлімдеді. Өңір спортшыларының қоржынында әзірге спорттың 7 түрінен жолдама бар. Атап айтсақ, жерлестеріміз бокс, таэквондо, ескек есу, ауыр атлетика, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресінен ел намысын қорғамақ. 4 жылдықтың басты додасына қатысушы аймақ спортшыларының саны алдағы уақытта әлі де көбеюі мүмкін.