Бүгін - «Түркістан – түркі әлемінің рухани бесігі» саммитінің екінші күні. Түркітілдес елдерінің жастар саммитіндегі отырысқа Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев онлайн сөз сөйледі. Үш күндік саммитке Қырғыз, Өзбекстан және Түркия елдерінен делегациялар қатысуда. Одан өзге, Венгрия, Түркменстан, Татарстан, Башқұртстан өкілдері де онлайн өз ойларын ортаға салды. Мұндағы негізгі мақсат – бауырлас халықтардың жастарын біріктіру, ортақ мақсатқа жетуде түркітілдес аймақтардың мүмкіндіктерін жақындастыру. Саммит барысында тәжірибе алмасу сондай-ақ мемлекеттер арасында берік достық қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылды.
️