ШҚО-да мұз астына кеткен көлікте болған әйелдің денесі әлі табылмады

187
08.12.2022 04:53

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 желтоқсан күні сағат 19.40 кезінде Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 5 адам отырған көлік мұз астына құлаған. Төртеуі көліктен шығып үлгеріп, 72 жастағы әйел суға батып кеткен.

«Қазіргі уақытта әйелдің денесін іздестіру жалғасып жатыр. Барлығы 6 рет су астына түсу жұмыстары жүргізілді. Сүңгуірлерге ауаның төмен температурасы мен су астындағы қараңғылық қиындық келтіруде. Олар әр жерді қолмен сипап, іздеуге мәжбүр», - делінген ақпаратта.

Судың тереңдігі шамамен 20 метрді құрайды. Онда жеке құрамнан 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған.