Әуесқой репортер: Бейнекамераға түскен көлік иесіне айыппұл салынды

153
08.12.2022 03:46

Түркістан қаласының полицейлері бұған дейін біз көрсеткен әуесқой репортер айдарында жол жүру ережесін бұзған көлік қожайынына әкімшілік айыппұл салды. Қаланың Отырар мөлтек ауданында түсірілген бейнежазба әп сәтте әлеуметтік желі беттерін шарлап кеткен еді. Бейнені мұқият зерттеген пагондылар, ереже бұзған азаматты 24 сағаттың ішінде анықтаған. Сондықтан құқықбұзушлыққа сай  «Volkswagen Golf» маркалы автокөлік жүргізушісіне хаттама толтырылды.