Түркістан
EN

Жас туристер станциясы

763
21.06.2021 23:00

Түркістан облысында саяхатшыларға өңіріміздің тамылжыған табиғатын көрсетіп, тарихымен таныстыратын туристік гидтер жетіспейді. Бұл туралы облыстық жас туристер станциясы мекемесінің директоры Сәуле Өміртаева айтты. Ол, тауда адамдардың жоғалуы сынды қайғылы оқиғалар өңірде туристік экскурсияның ақсауымен байланыстырады. Сонымен қатар, халықтың басым бөлігі тауға шығу ережелерін, алғашқы көмек көрсетудің жолдарын білмейді дейді. Бұл мәселені шешеуге кадр тапшылығы қолбайлау болатын көрінеді. Жас туристер станциясы Түркістан облысында 3 жыл бұрын ашылды. Мекемеде оқушылар тарихпен танысып, табиғатты қорғаудың жолдарын үйренеді. Жыл басынан бері 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, мыңнан астам бала қамтылды. 

️