Түркістанда заңсыз құрылысқа тыйым болмай тұр. Биыл Түркістан аймағында 167 нысанның заңсыз салынғаны анықталды. Ал облыс орталығында соңғы екі жылда 457 объектінің құрылысы ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз жүргізілген. Қаланың қақ ортасында тиісті құжаттарсыз, оның үстіне қауіпсіздік ережелерін сақтамастан құрылыс жүргізіп жүргендер кім?
️