Түркістан облысында дизель отыны тапшы. Жанармай бекеттері түгелдей дерлік қаңтарылып тұр. Тапқан күннің өзінде сұйық отынның бағасы тек талонмен ғана сатылуда. Бұл тапшылық ең әуелі диқандарға қиындық тудырып отыр. Дизель отыны болмағандықтан көліктері жүрмей, алқапта қауын-қарбызы шіріп жатыр дейді.
️