Түркістан телеарнасында «Turan таңдауы» байқауының дауыс беру кезеңі жалғасуда. Дауыс беру “TurkistanTV” YouTube парақшамызда өтіп жатыр. Үздіктер арнайы дайындалған бейнероликтегі лайк, қаралым мен пікір санына қарап анықталады. Байқауға қатысушылар біздің телеарна кейіпкерлерінің ішінен таңдап алынды. Айта кетейік биыл "Turan таңдауы» 20 номинация бойынша жүреді. Ендеше жобамыздың келесі қатысушыларымен таныс болыңыздар!
Анара Серікбаева түркістандық жеке кәсіпкер. Киім сату дүкенінің иесі киелі шаһар нәзік жандыларына сән мен салтанаты жарасқан түрлі киім нұсқаларын ұсынып, ақысыз негізде қызмет көрсетеді. Сондай-ақ Анара ханым ұжымы көрікті аксесуарлар әзірлейді. «Made in Turkestan» сауда белгісімен шығатын өнімдер Түркістан қаласының сән әлемінде кең таралуына сеп болары сөзсіз дейді жеке кәсіпкер
Тұран байқауы жобасының келесі кейіпкері саз балшыққа көрікті кескін беріп, түрлі өнімдер әзірлейді. Абайхан Ырысбаев көне Отырар, Яссы қалаларында өндірілген қыш құмыраларды зерттеп, аталмыш нұсқа бойынша керамика жаухарларын жасайды. Осылайша ел туризмінің дамуына сеп болуда. Себебі керамика маманының қолынан шыққан құмыралар, кәде сый дүкендерінен бастап түрлі мұражай сөрелерінен орнын тапқан.
️