Түркістан облысындағы нысандар лаңкестік қауіп-қатерге дайын ба?

280
07.12.2022 04:15

Қаңтар оқиғасы ел бойынша лаңкестікке қарсы осал тұстарды ашып көрсетті. Осы ретте, мемлекеттік органдар сол олқылықтардың орнын толтыруды қолға алған. Ішкі дайындықтан өзге, ғимараттардың сапасы да басты назарға алынған.  Түркістан облысының тиісті сала мамандары да өңірдегі нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы жайында жиын өткізді. Онда полиция, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты. Басқосу барысында нысандардың сыртқы қабырғасы содырлардың оңай олжасына айналмауын қамтамасыз ету қажет деген пікір айтылды.