Түркістанда тұңғыш рет республикалық «OIQAZAN» интеллектуалды ойыны өтті. Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті ұйымдастырған шара – «Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбы аясында өрбіді. Зияткерлік ойынға еліміздің бірқатар өңірінен 35 команда қатысты. Әр топта 7 қатысушыдан болды. Нәтижесінде бірінші орын Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне бұйырса, облыстық әкім аппаратының қызметкерлері екінші орын алды. Ал үштікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық Департамент мекемесі түйіндеді. Интеллектуалды ойынға біздің телеарна ұжымы да қатысты. Пайым мен парасат сынға түскен додада төртінші билік өкілдері төртінші орынға ие болды.
️