Атырауда 8 жасар бала екі жеткіншекті құтқарып қалды

177
06.12.2022 04:21

Атырауда 8 жастағы бала Жайық өзеніне батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарып қалды. Оқыс оқиға демалыс күндері қаладағы Балықшы және Жұмыскер елді мекендерін жалғайтын көпірдің маңында болған. Қос жеткіншек өзендегі қатқан мұз үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Мұны байқаған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай дереу көмекке келіп, достарының бірін қолынан тартып құтқарып қалады. Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісіне жәрдемдеседі. Кейін ажалдан аман қалған екі баланың 14 және 9 жаста екені анықталған.