Қыс түскенде Түркістан көшелеріне ағаш егіліп жатыр

178
06.12.2022 04:16

Еліміздің көп бөлігінде аяз болып, қар жауып жатқанда, Түркістандықтар ағаш егуде. Облыс орталығындағы және Арыс қаласында дарақтар отырғызылды. Жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалып, жазда сая, қыста қамал болатыны түсінікті. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климатты қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.