"Шетелге жұмысқа орналастырамын": Шымкентте тұрғын 1,8 миллион теңгеге алданған

270
05.12.2022 05:59

Шымкент қаласында алаяқ "шетелге жұмысқа орналастырамын" деп ақшасын алып, алдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкенттік тұрғын Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына арызданған.

Оның танысы Швецияға жүк көлігінің жүргізушісі ретінде  жұмысқа орналастырынын айтып, 1 842 500 (бір миллион сегіз жүз қырық екі мың бес жүз) теңгесін алған. Алайда осы уақытқа дейін ақшасын қайтармай, алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тізіміне тіркелді. Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, алаяқ анықталды. Жасы-43-те, жұмыссыз.

Бұған дейін ол алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған. Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.