Әйелдер теннисінен Қазақстан спортшыларының рейтингі белгілі болды

393
05.12.2022 05:55

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке сындағы үздік үштік бұрынғыша қалды: бірінші орында польшалық Ига Свёнтек, одан кейін тунистік Онс Жабер және америкалық Джессика Пегула.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина – 22-ші позицияда қалды. Юлия Путинцева 51-ші орынға тұрақтады.

Жұптық разрядтағы ТОП-3 те өзгерген жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).

Қазақстандық «жұптардың» арасында ең мықтысы Анна Данилина 11-ші орынды сақтап қалды, Жібек Құламбаева бір позициясын жоғалтып, 201-ші орынға тұрақтады.