Әуесқой репортер | Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы

706
05.12.2022 04:01

«Түркістан» телеарнасында «Әуесқой репортер» айдары аз уақыттың ішінде көреремен көзайымына айналды. Тұрғындар өзекті деген бейне жазбаларын түсіріп, бізге жолдап жатыр. Бұл жолы  Сарыағаштағы Жібек жолы ауылы тұрғындары жан-айқайын жеткізді. Олар тұратын Базар жырау көшесінің бас жағына ғана асфальт төселген. Ал қалған 150 метрі топырақ жол. Оның өзі ойқы-шұйқы. Жергілікті халық жаздың күндері шаң жұтып, ал, жауынды күндері лай кешіп,  батпаққа бататынын айтады. Ол кезде ішкі жолға көліктердің кіруі де қиын.