Қала орталығындағы мына шағын компьютерлік қызмет көрсету орталығында адам қарасы көп. Бұл мекемені мүмкіндігі шектеулі 3 азамат бірлесе ашқан. Солардың бірі Еркебұлан. Әкесі телефон жөндеу шебері болған ол мектеп жасынан бастап түрлі техникаға қызыққан. Отбасының қолдауымен көпсалалы колледжде комппьютерлік білімін жетілдіреді. Кәсіпкерлікке алғаш 2015 жылы Кентау қаласында қадам басқан.
️