Петропавлда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер сусыз қалды

162
05.12.2022 03:51

Петропавлда құбыр жарылып, 15 көпқабатты үй мен бірнеше әлеуметтік және коммерциялық нысандар сусыз қалды.  Мамандардың айтуынша, екі құбыр жалғанған жер сөгіліп кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдері түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірнеше үйдің ауласын су басып қалды. Дәл қазіргі сәтте 600-ден астам абонент пен қаладағы ең ірі наубайхана, оңалту орталығы мен бірнеше кеңсе сусыз отыр. Айта кетсем, облыс орталығында өткен айда ғана құбыр жарылып, ірі апат болған еді. Қаладағы су құбырларының 70 пайызға жуығы тозған.