Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістанды абаттандыру жұмыстары мен бірқатар құрылыс нысандарының жай-күйін бағдарлау үшін шаһарды кезекті рет аралады. Мәдени-тарихи орталықтағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді.
Өңір басшысы еліміздегі жылы аймақта салынып жатқан Мұз Сарайында болды. Ғимараттың жалпы жер аумағы 2 гектарға жуық. Нысанның құрылысы келер жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған. Жақын уақытта мұз айдынына керекті құрал-жабдықтар сатып алынады. Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлері дамытылып, үйірмелер ашылады.
️