1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

476
02.12.2022 04:22

Елімізде имун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады, Қазір Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 30 мыңнан астам адам тұрады.  Инфекцияны жұқтырушылардың дені 15 пен 49 жас аралығындағылар. Адам өміріндегі ең белсенді шақ. Жалпы, БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, апта сайын жұқтырылған иммун тапшылығының синдромынан әлемде 13 мың адам қайтыс болады екен.

Бұл ғимарат Түркістан Облысының Спидка қарсы күрес орталығы. Мекеме жыл сайын Вичтің алдын-алу және онымен күрес мақсатында түрлі іс шаралар өткізеді. Сол арқылы мұқым елді ақпараттандырады. Орталық дәрігерлері аурудың берілу жолдары мен одан қалай қорғануға болатындығы туралы және жұқтыру жолында қалай әрекет етуі жөнінде құлаққағыс етеді.  

Аталған дерттің емі табылмағаны қарамастан, адамдар вирусқа қарсы терапияны қолдана отырып, қалыпты өмір сүріп дені сау баланы өмірге әкеле алады. Ал мына достастық кабинеті арқылы науқас керекті қолданыстағы заттарға ие болады.

Дәл бүгін орталықта дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін атауды да ұмытпады. Арнайы студенттерді шақырып, ашық есік күнін ұйымдастырды. Тіпті арнайы сахналанған қойылым көрсетілді.

Айта кету керек, кей адамдар өзінің вирусты жұқтырғанын білмей, ондаған жыл өмір сүруі мүмкін. Ал, олардың ауруды өзгелерге жұқтыру мүмкіндігі еселеп артады. Сондықтан, дәрігерлер тұрақты түрде тексеруден өтіп тұруға кеңес береді.