Қоғамдық кеңестің 10-шы отырысы өтті

450
02.12.2022 04:06

Қыруар қаржыға салынған дүниенің шарапатын тұрғындар көре алмай отыр. Бүгін  Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшелері облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сакен Далиевтің жұмысына көңілдері толмады. 10 айда атқарылған жұмыстарды баяндауға келген оны сұрақтың астына алды. Мәселен Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенінің тұрғындары жиі жарықсыз, сусыз отырғандарын айтып шағындануда.