Тоқаев қысқы жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруды тапсырды

158
02.12.2022 03:55

Мемлекет басшысы орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды. Оған Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов жетекшілік етпек. Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері кіреді. Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.