Грекияда Қазақстан алмасына арналған ескерткіш қойылды

215
30.11.2022 09:40

Биыл Грекия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынасы басталғанына 30 жыл толды. Осыған орай гректің Ахарне қаласында Қазақстан алмасына ескерткіш орнатылған деп хабарлайды Stan.kz.

Қоладан жасалған ескерткіштің пішіні – Грекияның бейбітшілік символы зәйтүн бұтағына оралған Қазақстан алмасы. Ескерткіш қала басшылығының алдында орналасқан. 

Қазақстанның Грекиядағы елшілігіне сенсек, Афинадан 11 шақырым жерде орналасқан Ахарнеде Қазақстанда туып, тарихи отанына оралған 30 мың грек тұрып жатыр. Солар бірі – Иоаннис Петридис пен оның баласы Констатин құрған DKG Development компаниясы осы ескерткішке демеу болған.