10 медаль алды

56
22.06.2021 00:35

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасы сапынан Самирхон Абубакиров пен Ақсәуле Ерқасымова топ жарып, жарыс жеңімпазы атанған. Естеріңізге сала кетейік, Ливан Астанасы Бейрутте таеквондодан өтіп жатқан Азия чемпионаты 16 маусымда басталған еді. Бұл сайысқа елімізден 15 спортшы аттанған. Сонымен қатар, бұған дейін таеквондодан команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдавлетов аталған жарысқа спортшылардың  ел чемпионатының турнирі арқылы іріктелгенін айтты.