Жетісайда 9 айда қандай жұмыстар атқарылды?

237
30.11.2022 04:02

Жетісай ауданында биыл жалпы өңірлік өнімнің  көлемі 133,8млрд  теңгеге жеткен. Бұл туралы Жетісай  ауданының әкімі Мұрат Қадырбек баспасөз өкілдеріне берген брифингте мәлімдеді.  Сондай-ақ, 10 айдың қорытындысы бойынша 1516 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Ал өртке оранған орталық базар құрылысы жүргізіліп, кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатыр екен. 

Жетісай ауданы аграрлы аймақ. Аудан халқының басым көпшілігі ерте көктемнен қара күзге дейін жердің төсін емген шаруалар. 2022 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі  96,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,9 млрд теңгеге артқан. Өңірде биыл ақ алтын бағасы бойынша өзекті мәселе шаруалар мүддесіне оң шешімін тапты. Сондай-ақ, қатты отын жағып, күл шығарып  күнелтіп отырған 43 елді мекеннің тұрғындары 2023 жылы көгілдір отынмен қамтылатын болады.